Басты бетЖаңалықтарТүркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

Түркия азаматтарының Қазақстанда болу ережеcіне өзгеріс енгізілді. Үкімет қаулының жаңа жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Құжатқа сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз бола алады. Бұрын тек 30 күн болатын.

Жобаны қабылдаудағы мақсат — Түркия Республикасымен тығыз ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанда қолайлы инвестициялық және туристік ахуалды құру, сонымен қатар экономикалық дипломатияны жандандыру, — деді үкіметте.

Түркиядағы Қазақстан азаматтары үшін 90/180 ережесі бойынша осындай режим 2018 жылдан бастап қолданылады. Құжатта Иран мен Үндістан азаматтары туралы да айтылған. Егер олардың республикада болу уақыты күнтізбелік 14 күннен аспаса, олар Қазақстанға визасыз келіп кетеді.

Қаулы жобасы 2025 жылғы 28 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.