Басты бетЖаңалықтарҰлттық банк халыққа үндеу жасады

Ұлттық банк халыққа үндеу жасады

Ұлттық банк егде жастағы азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алаяқтар психологиялық қысым мен манипуляция әдісін пайдаланып, түрлі сценарий ойлап табады. Әдетте қоңырау шалған бойда адамды эмоциялық тепе-теңдіктен шығаруға күш салады. Соның нәтижесінде көбісі ойланбай шешім қабылдайды.

Алдау кезінде жиі қолданылатын схемалар:

  • зейнетақыны «қайта есептеп» беретін немесе қосымша төлемдерді уәде ететін зейнетақы қорының қызметкерлерінің атынан хабарласу;
  • жинақты көбейту не сыйақы төлеу бойынша «тиімді» ұсыныстары бар сақтандыру компаниясының өкілі ретінде таныстыру;
  • бір кездері дәрілік заттар сатып алынған жосықсыз компанияны сотқа бергенін және олардан өтемақы алатынын хабарлау, соған орай дербес деректерді беруді және қаржылық операцияларды жүзеге асыруды сұрайды;
  • туыстарының ойдан шығарылған проблемалары (апат, қиындықтар) туралы хабарлап, оқыс оқиғаларды ойлап табу және ақшаны курьерге шұғыл беруді талап ету;
  • өздерін құқық қорғау органдарының немесе ұлттық банктің қызметкері деп таныстырып, жылжымайтын мүлікті сатуға және ақшаны іс жүзінде алаяқтарға тиесілі «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіру.

Ұлттық банк егде жастағы азаматтардың туыстары мен қамқоршыларына мобильдік құрылғыларда белгісіз нөмірлерді бұғаттау функциясын орнатуға көмектесуді, сонымен қатар күмәнді сілтемелер бойынша өтуден бас тарту, белгісіз файлдарды ашпау және күмәнді қосымшаларды орнатпау қажеттігін ескертеді, — дейді банк қызметкерлері.

Сонымен қатар мобайл банк қолданбасында сенімді тұлғаның күмәнді қаржылық операцияларды растайтын немесе қабылдамайтын баптауды пайдалануға болады.