Тамыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 25 шілдеден бастап 5 тамызға дейін қабылданады.
Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлап отыр.
Тестілеуге тіркелу app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Тамыздағы ҰБТ 10-14 тамыз аралығында өтеді. Бұл тестілеу шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігін беру үшін өткізіледі.
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер тамыздағы тестілеуде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.
Өз мамандығы бойынша оқуды ақылы негізде жалғастырғысы келетін колледж түлектері ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесімен қабылданады. Бұл қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.