Басты бет Жаңалықтар ҰБТ: 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ: 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Фото: Shymkenttv.kz
Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады. Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:

  • талапкерлердің 69%-і шекті балл жинады;
  • орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
  • ең жоғары балл – 140 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 477 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 208 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:

  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 108 адам шығарылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың 18%-і «Математика-Физика» комбинациясын, 15%-і «Биология-Химия», 14%-і «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Еске салайық, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.

Exit mobile version