Басты бет Жаңалықтар Қазақстан инновациялық экономикалы 50 елдің индексіне енді

Қазақстан инновациялық экономикалы 50 елдің индексіне енді

Bloomberg-тің инновациялық экономикалық индексінде бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленді. Одан кейінгі орындарға Германия, Швеция, Жапония және Швейцария орналасты. Ең инновациялық елдер ондығына сондай-ақ Сингапур, Финляндия, АҚШ, Дания және Франция енді, деп хабарлады РБК.

Көрнекі жоба

Bloomberg-тің инновациялар индексінде 50 ел бар, оны Таиланд, Марокко, Аргентина және Қазақстан тұйықтайды.

Ресей биылғы жылы 12-ші орында, өткен жылы ол 14-ші қатарда тұрған болатын.

Bloomberg инновациялар индексі жеті көрсеткіш негізінде құрылған: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар, өнімділік, экрономикада жоғары технологиялы компаниялардың болуы, жоғары білімнің таралуы, тауарлардың қосымша құны, тіркелген патенттер саны және зерттеушілер саны.

Bloomberg тізімінде Қытай 21-ші орында, Малайзия, 25-ші, Гонконг — 37-ші, Үндістан — 45-ші орындарда.

Wells Fargo экономисі Джей Брайсонның атап өтуінше, Қытайдың 21-ші орында болуы ҚХР-дың дамушы ел мәртебесін бейнелейді, ол технологиялар жасап отырған жоқ, оны көшіріп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version