23 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы және түнде Астанада қолайсыз ауа райы сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.