Басты бетЖаңалықтар23 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

23 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Астанада өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі сақталады.

Ақмола облысында – найзағай болады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында – найзағай мен бұршақ болады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. +35°С-қа дейінгі аптап ыстық болады.

Қарағанды облысында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Павлодар облысында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары.

Абай облысында желдің екпіні – 20 м/с жетеді. Семейде – өрт қаупінің деңгейі жоғары болады.

Алматы облысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Алматыда күндіз 35-36°С аптап ыстық күтіледі.

Жетісу облысында жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +36°С ыстық болады. 23-28 шілде аралығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысында – жел 25 м/с-қа дейін. Күндіз +39 градус ыстық болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Түркістан облысында таулы және жазық жерлерде – жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістанда +41°С аптап, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Қызылорда облысында желдің екпіні – 20 м/с жетеді. Күндізгі температура +42°С-қа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында – найзағай болады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. +40°С аптап ыстық болады.