Басты бет Жаңалықтар «Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен комиссия келді

«Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен комиссия келді

Фото: Президент әкімшілігі
Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне байланысты жан-жақты әрі объективті қызметтік тексеру жүргізу мақсатында ҚР президенті әкімшілігінің комиссиясы келді.

Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Комиссия мүшелері мекеменің тәрбиеленушілерімен, басшылығымен және қызметкерлерімен, сонымен қатар білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

Тексеру шеңберінде президент әкімшілігінің өкілдері балалар үйінде тұру және оқу жағдайларымен танысып, іргелес инфрақұрылым ғимараттарын тексерді. Қазір көшу туралы шешім қабылдауға байланысты құжаттаманы жинау және талдау жүргізіліп жатыр. Жетім балаларға қатысты заңнамада көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады. Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдықпен жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Exit mobile version