Басты бет Жаңалықтар «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтін болды

«Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтін болды

Фото: Алматы облысының әкімдігі
ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Бағанашыл» Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтінін мәлімдеп отыр.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, — делінген жазбада.

Баспасөз хатшысы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтінін хабарлаған.

Аталған жағдайға байланысты президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады, — деп толықтырған Руслан Желдібай.

Exit mobile version