Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз келе алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеп отыр.
Ішкі істер министрлігі көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шараларын қабылданып жатыр. Жалпы, қазір шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасалған. Олардың елге кіру мен елде болу рәсімдері жеңілдетілді. Елімізге 87 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады, — деді Бауыржан Әленов үкімет отырысында.
Министрдің бірін орынбасарының айтуынша, электрондық виза 107 елдің азаматтарына виза беріледі.
2020 жылдан бері Қазақстанға келетін шетел азаматтары уақытша тіркеуден босатылды, бұрын бес күн ішінде есепке тұратын. Қазір шетел азаматтарының келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауға міндетті («Е-Қонақ» қосымша арқылы). Биыл 900 мыңнан астам өтініш түсті. Тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін 14 800 адам жауапкершілікке тартылды. Осы орайда полиция шетел азаматтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді Бауыржан Әленов.