Басты бетЖаңалықтарАлматының 3 ауданында уақытша суық су болмайды

Алматының 3 ауданында уақытша суық су болмайды

«Алматы Су» мекемесі су құбыры жүйесіне жаңа инженерлік желілерді қосу жұмыстарына байланысты 24 шілде сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін Алматының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлап отыр.

Жоспарлы жұмыстар жүргізілетін кезеңде келесі аудандарда суық су уақытша тоқтатылады:

  • Бостандық ауданы: Саин — Асқаров — Әлмерек — Азамат — Садықов көшелері шеңберінде. Оның ішінде: «Мирас», «Дарын» шағын аудандары және Долина роз, Солнечная долина, Кунбель, Hyde Park, Presidents Park, Miras Park тұрғын үй кешендері.
  • Наурызбай ауданы: Асқаров — Кенесары хан — Қарғалы өзені — Новая көшелері шекарасында. Оның ішінде: «Қарғалы», «Құрамыс», «Рахат» шағын аудандары және Асқар Тау, Хан Тәңірі, Bella Villa, Nef Up Town тұрғын үй кешендері.
  • Әуезов ауданы: «Таугүл-3» шағын ауданы, Алтын Қарғалы шипажайы.

Құырылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су біртіндеп, жабдықты тексеріп, реттеу жұмыстарынан кейін қайта қосылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.