Басты бетЖаңалықтарБектенов тау-кен алпауыттарының айналасында орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды

Бектенов тау-кен алпауыттарының айналасында орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында тау-кен саласындағы ірі кәсіпорындардың айналасында жағын және орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өнеркәсіп министрлігі осы жылдың 1 қазанына дейін ірі тау-кен кәсіпорындарымен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бойынша шаралар кешенін әзірлесін. Жүйетүзуші кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруды ынталандыратын іс-шараларды ескеру қажет. Өнеркәсіп министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аса маңызды және сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндірісін дамытуға тиіс. Жобалар қосылған құны жоғары өнімдер жасауға бағытталуы қажет, — деді ол.

Үкімет басшысы ел аумағында тұйық циклды экономика құру үшін металдар мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу шараларын әзірлеуді тапсырды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде сала мамандарын даярлау бағдарламасын дайындауға тиіс. Сонымен қатар ғылымды өндіріске қажетті жаңа технологияларды әзірлеп, енгізуге белсенді түрде тарту керек. Бақылау мен үйлестіру Роман Васильевич Склярда, — деді Олжас Бектенов.