Басты бетЖаңалықтарАлматы тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді

Алматы тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді

Алматы тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді. Сот шешімімен «Таулы Қырат» ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды.

Бұл туралы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.

Жеке меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге залал келтірілген.

Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген.

2024 жылғы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы қаласының әділет департаментіне орындауға жіберілген.

Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастады.