Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда орташа зейнетақы мөлшері анықталды

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері анықталды

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері зейнетақы төлемдеріне 2 трлн 98,6 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 419,9 млрд теңге бөлінген.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 2 млн 489 мың зейнеткер тіркелген. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 143 529 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы – 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы – 8,5%-ға өсті. Бұл өсім инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ең жоғары мөлшері – 120%-ына дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен базалық зейнетақы – 32 360 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%), ең жоғарысы – 50 851 теңге (күнкөріс деңгейінің 110%).