Басты бет Жаңалықтар 3 жыл бұрын адам өлтірген күдікті Алматыда ұсталды

3 жыл бұрын адам өлтірген күдікті Алматыда ұсталды

Фото: Glavk.info
ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері 2022 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында жасалған қылмысты ашты.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Күдікті марқұмның 1,5 миллион теңгеден астам қаражатын иемденіп алу үшін осындай қылмысқа барған. Кейін ізін жасыру мақсатында қаскүнем мәйітті оқиға болған жерден алып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері кезінде ол жасаған ісін, кінәсін толық мойындады. Айғақтарды тексеру кезінде Алматы маңында су құбырлары жанынан қазба жұмыстары жүргізіліп, адам сүйектерінің фрагменттері табылды. Сот-генетикалық сараптама нәтижесінде олардың марқұмға тиесілі екені анықталды, — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Тергеу органдары істі сотқа жолдау үшін сотқа дейінгі тергеу материалдарының толықтығын қамтамасыз етіп жатыр.

Exit mobile version