Басты бет Жаңалықтар Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті ізін суытпай ұсталды

Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті ізін суытпай ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде пәтер тонады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Ол үйге заңсыз кіріп, үй иесінің мүлкін ұрлап кеткен.

Күдіктіні ұстау шарасы Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімшелерінің қолдауымен жүзеге асты. Сонымен қатар арнайы жасақ күштері де тартылды.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бөтеннің мүлкіне қол сұққан адамдар анықталып, заң аясында жауапқа тартылатын болады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Одан әрі тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Талант Исаев.

Exit mobile version