Басты бетЖаңалықтарИндонезияда 280 адам мінген кеме отқа оранды

Индонезияда 280 адам мінген кеме отқа оранды

Индонезияда 280 адам мінген жолаушылар паромы отқа оранды. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлап отыр.

Құтқару мен іздестіру бойынша аймақтық басқарманың мәліметіне сәйкес, KM Barcelona 5 кемесі Манадо қаласына жақын жерде өртенді.

Апаттан кем дегенде үш адам қайтыс болды, шамамен, 150 жолаушы құтқарылды. Оларды құтқарушылар командасы мен жергілікті балықшылар алып шыққан. Іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Оған екі кеме мен қайықтар тартылды.