Басты бетЖаңалықтарАлматыда Исинәлиев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Исинәлиев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Исинәлиев көшесінің бір бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

21 шілде күні сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс №24 үйден бастап Жолбарыс көшесіне дейін жабылады. Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған.