Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды

Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды

Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Ақмола облысында орманға қатысты ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану заңнамасы бұзылған.

Жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 миллиард теңге болатын төрт жер учаскесі қайтарылды, — делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң жауапкершілікке тартылды.