Басты бетЖаңалықтарГаза секторында аштықтан 50-ден аса адам қаза болды

Газа секторында аштықтан 50-ден аса адам қаза болды

Израиль қорғаныс армиясы Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан тұрғын аудандарға эвакуация туралы бұйрық берді.

Бұл туралы BBC хабарлап отыр.

Бұл аймақтарда бұған дейін қақтығыстар тіркелмеген, сондықтан бұл әрекет жаңа әскери операцияның басталуына дайындық болуы мүмкін. Жергілікті медициналық қызметкерлердің мәліметінше, гуманитарлық дағдарыс ушығып тұрған шақта, 50-ден астам палестиналық тұрғын көмек жетпей, қаза болған. Аштық пен дәрі-дәрмектің жетіспеуі жағдайды қиындатып отыр.

Эвакуация туралы бұйрық — Израильдің Дейр-эль-Балаха маңындағы жаңа әскери әрекеттерге дайындалуының белгісі. Бұл ауданда бұған дейін әскери іс-қимыл болмаған, — делінген хабарламада.

Израиль армиясы ауа арқылы парақшалар таратып, Дейр-эль-Балаха ауданының оңтүстік-батысындағы тұрғындарға үйлерін тастап, оңтүстікке қарай, Жерорта теңізі жағалауындағы әл-Маваси ауданына көшуге бұйрық берді. Бұл аймақта Газаның жүздеген мың ішкі босқындары паналап жатыр.