«109» құтқарушылары Іле Алатауы ұлттық паркінде жарақат алған сингапурлық туристі құтқарды. Бұл туралы құтқару қызметі хабарлап отыр.
Құтқарушылар сингапурлық әйелді эвакуациялады.
Алматы қаласының құтқару қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, турист әйел бас-ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған. Оқиға орнына бес адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды.