Басты бетPushСерік Жұманғарин Жаңа салық кодексі туралы пікір білдірді

Серік Жұманғарин Жаңа салық кодексі туралы пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Жаңа салық кодексі қарапайым халыққа және кәсіпкерлерге ауыр тимей ме?» деген сұраққа жауап берді.

Геосаясат қазір өзінің әсерін көрсетіп жатыр. Тарифтік бағдарлама іске асырылғанда мұндай жағдай болған жоқ. Тарифтік реформаны тоқтатып жатқан жоқпыз, бірақ тежеп жатырмыз. ҚҚС-ті 4%-ға көтеру бизнеске әсер етеді. Менің ойымша, көбісі естігеннен бастап бағасын көтеріп жіберді. Сондықтан Салық кодексі жұмысын келесі жылдан бастайды. Бірақ инфляцияға әсерін қазірден сезіп жатырмыз, – дейді Серік Жұманғарин.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған.