Екібастұздағы кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурсы хабарлап отыр.
Ірі кәсіпорындар бюджетке миллиондаған салық төлемеген.
Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1″ ЖШС жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған. Салдарынан 421 миллион теңге көлемінде салық төленбеген, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Қазақстан вагон жасау компаниясы» да салық төлемеген.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді өткізу айналымын төмендеткен. Төленбеген салық сомасы – 550 миллион теңге, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта анықталған барлық заң бұзушылық жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылды.