Басты бетЖаңалықтарАлматыда төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Алматыда төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Дамир Ермағамбетов тағайындалды.

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дамир Мақсұтұлы 1978 жылғы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.

1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Алматы қаласына келгенге дейін ол Қостанай облысы ТЖД бастығының қызметін атқарды.