Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы STEM олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады

Мемлекет басшысы STEM олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев STEM олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!, – деп жазды президент.