Басты бетЖаңалықтарАлматыда газ құбыры жарылып, жеңіл көлікке зақым келді

Алматыда газ құбыры жарылып, жеңіл көлікке зақым келді

Алматыда Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылды. Бұл туралы QazaqGaz Aimaq хабарлап отыр.

Желіде жарылыстан аударылып қалған жеңіл көліктің бейнежазбасы жарияланды.

QazaqGaz Aimaq АҚ мәліметінше, «СантехКомплектГрупп» мердігер ұйымы орташа қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырына қысым беру жұмыстарын жүргізіп жатқанда ауа қоспасы шығып, жарылыс болған. Оқиға салдарынан жол жабыны, ағаш және бір автокөлік зақымданды.

Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметтері жедел жетті. Қазіргі уақытта аталған аумақта тексеру жұмыстары жүргізіліп, болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға аумағы қоршалды, халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза тапқандар жоқ, — делінген хабарламада.