Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етінің келісін 1 600 теңгеден сатуды ұсынды.
Бұған дейін Айдарбек Сапаров киік етін қанша кәсіпорны өндіріп шығаратынын айтқан болатын.
Бұл жұмыс енді ғана басталды, мұнымен экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарымен қамтамасыз ету. Бүгінде осындай 18 кәсіпорын тіркелген, ол жерде ветеринарлар жұмыс істейді. Етті қандай бағамен қабылдайды, қалай сатады, логистика жағы – осының бәрін есептеу керек. Бір апта немесе 10 күннен кейін бір келі еттің бағасын айтамыз деп ойлаймын, — деп жауап берді Айдарбек Сапаров үкіметте өткен брифиңде.
Жуырда Батыс Қазақстан облысында киік аулау ресми түрде басталған. Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі.