Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы серіктес ұйымдармен жұмысты жеңілдету үшін арнайы әзірленген ERG Partners жаңа цифрлық сервисін іске қосты.
Аталған платформа мердігер ұйымдардың қызметкерлері, автокөліктері және тауарлық-материалдық құндылықтарына (ТМҚ) ERG кәсіпорындарының аумағына тез әрі оңай рұқсатнама рәсімдеуге көмектеседі.
ERG мыңдаған контрагенттермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Күн сайын компания аумағына түрлі мердігерлік ұйымдардың өкілдері келіп, жұмыс жүргізіп, қажет құрал-жабдықтар мен материалдар жеткізеді. Бұған дейін бұл үдеріс қағазбастылыққа толы болған. Енді компанияның кез келген мердігері рұқсатнаманы қосымшаның көмегімен өзі рәсімдеп, ТМҚ жеткізуге өтінім бере алады және қызметкерлердің деректерін бір терезеде басқара алады. Осылайша заманауи ІТ-шешімнің арқасында жүйе автоматтандырылып отыр.
Еске салайық, жаңа жүйені Business & Technology Services (BTS) компаниясының мамандары Qollab қосымшасы негізінде жасап шығарды.
ERG Partners жүйесіндегі процестер «Вездеход» ақпараттық жүйесімен тікелей интеграцияланған, яғни кураторларға барлық ақпарат бірден жетіп отырады.
Қазірдің өзінде жүйе арқылы 3200-ден астам өтінім орындалды. IT команда сервис мүмкіндіктерін ERG-дің барлық кәсіпорындарына енгізу үшін жұмыс істеп жатыр.

Өндірістік және бизнес-процестерді цифрландыру – ERG-дің Digital-стратегиясының басты бағыты, – дейді ERG бас директорының цифрландыру және ІТ жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев.
Оның айтуынша, бұл компаниядағы алғашқы қосымша емес. Бұған дейін ERG-де 200-ден астам сервисті біріктірген суперқосымша іске қосылған.
Қазір әлем уақыт үнемдейтін, процестерді жеңілдететін шешімдерге жаппай бет бұрып жатыр. ERG-ді де бұл өзгеріс айналып өткен жоқ. Екі жыл бұрын 200-ден астам сервисті қамтитын суперқосымшамызды іске қостық. Бұл жүйені Қазақстан бойынша 60 мыңға жуық пайдаланушы қолданады, — дейді ол.