Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард теңгеге өсті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард теңгеге өсті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард теңгеге өсті. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлап отыр.

Бұл ретте мемлекеттік қарыз белгіленген лимит шегінде қалды. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 31,9 триллион теңге болды, — дейді қаржы министрлігінің басшысы Мәди Такиев.

Өсудің негізгі факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұрынғы қарыздарды игеру. Жалпы ішкі өнім өскендіктен мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеп жатыр.

Егер 2020 жылы мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 29,2%-ы болса, былтыр ол 23,5%-ға дейін төмендеді, ал биыл 21,1%-ға түсті.

2030 жылға дейін белгіленген мемлекеттік борыш лимиті сақталады, — дейді Мәди Такиев.