Басты бетЖаңалықтарАлматыда туысын көшеде пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Алматыда туысын көшеде пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Алматыда кісі өлтірген ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Желідегі мәлімет бойынша, күдікті мен оның қайын атасы арасында жанжал туып, ол туысына бірнеше рет пышақ сұққан.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды, — делінген хабарламада.