Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.

Күндіз 16–17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады.

Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С қатты ыстық күтіледі.