Басты бетЖаңалықтарЫстықкөл жағалауында қазақстандық боксшы суға батып кетті

Ыстықкөл жағалауында қазақстандық боксшы суға батып кетті

Әлеуметтік желілерде Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында болған қайғылы оқиға жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Желі қолданушыларының мәліметінше, суға батып кеткен азамат – Шымкент қаласының тумасы, 21 жастағы кәсіби боксшы Ибрагим Ирисматов.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың шынымен де қалалық кәсіби бокс клубының (спорттық-сауықтыру кешені) спортшысы болғанын растады. Алайда олардың айтуынша, марқұмның ресми оқу-жаттығу жиындарына ешқандай қатысы болмаған.

Жас спортшы Қырғызстанға жеке қаржысы есебінен, тек демалу мақсатында барған. Ол ұлттық құраманың орналасқан жерінен бөлек, басқа демалыс базасында тұрған, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Қазақстан бокс федерациясы да бұл жағдайға байланысты ресми пікір білдіріп, қайғылы оқиғаның ұлттық құраманың дайындығына қатысы жоқ екенін нақтылады.

Оқиға кезінде Қазақстан құрамасы жоспарлы жиын өткізіп жатқан. Ирисматов қатысушылар тізімінде болған жоқ. Бұл – құраманың ресми шарасына қатысы жоқ жеке жағдай, – делінген федерация хабарламасында.