Премьер-министр Олжас Бектенов қоғамда үлкен резонанс тудырған Перизат Қайратқа қатысты тергеу аясында қайырымдылық қорлары қызметіне қатысты заңнамада өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.
Иә, бұл жағдайдан, әрине, хабардармын. Өмір көрсетіп отырғандай, өкінішке қарай, мақсатсыз жұмсалатын қаражат тек бюджеттен ғана емес, азаматтардан қайырымдылық ретінде жиналған қаражаттан да кездесіп жатады. Бұл – соған айқын мысал. Бұл жалғыз оқиға емес, басқа да мысалдар бар. Бірақ, бәлкім, бұл – ең шулы, кең таралған жағдай шығар. Менің ойымша, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін осы тетікке қатысты заңнамалық түзетулер қажет, – дейді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, қаражаттың жұмсалуы есепті, бақылауда және ашық болуға тиіс.
Сондықтан бұл жерде, оның ішінде үкімет тарапынан, құқық қорғау органдарының негізінде бізге ұрлықтың қалай жасалғаны туралы нақты механизм ұсынылады деп ойлаймын. Соған сәйкес, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылдануы мүмкін, — деді премьер-министр.