Көкшетауда жылу электр орталығының құрылысы басталды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеп отыр.
Бұған дейін ресейлік компания Қазақстанға экспортық кредит ұсынып, Көкшетау, Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ларды салып беруге келісім жасаған.
Әзірше біз Ресей тарапынан төмен мөлшерлемемен кепілдендірілген қаржылдандыру бойынша нақты жауап алған жоқпыз. Сол себепті Көкшетаудағы жылу электр станциясының құрылысын өзіміз бастап кеттік. Онымен «Самұрық-Энерго» компаниясы айналысып жатыр. Құрылыс алаңында жұмыстар жүріп жатыр, — деді Олжас Бектенов үкіметте өткен брифиңде.
Ал Семей мен Өскемендегі ЖЭО-лар бойынша үкімет экспорттық кредит беру бойынша Ресейдің жауабын күте тұрады.
Жақын арада жауап болмаса, оны да өз күшімізбен салу мәселесін қарастырамыз. Себебі бұл – өте маңызды жобалар. Біз көп күте алмаймыз. Бізге жылу да, энергия да керек, — деді Олжас Бектенов.