Биыл террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам қамалды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Биыл маусым мен шілде айларында діни радикализмді қолдаушыларға қатысты бірқатар сот шешімдері күшіне енді.
Шымкент соты аталған мегаполис тұрғынының бірін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК жүргізген қылмыстық іс шеңберінде оның бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылықты жасауға шақырғаны анықталды. Интернеттегі экстремистік мазмұнның әсерінен радикалданған, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Астана соты ҚР аумағында терроризмді насихаттаумен және экстремистік топтарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Жалпы жыл басынан ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде үш шетел азаматы түрмеге қамалды.