Басты бетЖаңалықтарАлматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 18:10–да Алатау ауданында болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатарлас жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан. Онымен қозғалысы тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, автобуспен және Subaru көлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде 23 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл дерек бойынша ресми тергеу жұмыстары басталды, — делінген хабарламада.