Басты бет Жаңалықтар Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай. Фото: Primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры болды.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жазды.

Ол бұл қосымша қоғамдық қызмет екенін атап өтті.

Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз, — дейді Руслан Желдібай.

Ол елімізде дзюдоны дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатқанын еске салды.

Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын» — деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.

Exit mobile version