Басты бет Жаңалықтар Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болды

Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болды

Руслан Желдібай. Фото: Primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, — делінген ресми тараған құжатта.

Exit mobile version