Басты бетЖаңалықтар"Астана–Бурабай" бағытында жаңа электр пойызы іске қосылды

«Астана–Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы іске қосылды

Ұлттық тасымалдаушы «Астана–Бурабай» бағдары бойынша Burabay Express жаңа электр пойызын іске қосты. Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.

Burabay Express Comfort+ жаңа буындағы электр пойызы интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Отандық зауытта жиналған құрам №888/887 нөмірімен Астана-Бурабай курорты бағдары бойынша жүретін болады, — деп жазылған хабарламада.

Жаңа жүрдек пойыз бүгін Астананың «Нұрлы жол» вокзалынан Бурабайға алғаш рет аттанды.