Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасады. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады — 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін:
- Наурызбай ауданында — Райымбек даңғылынан Базарбай Жуманиязов көшесіне дейін Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады;
- Түрксіб ауданында — Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.
Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі, — делінген хабарламада.