Басты бет Жаңалықтар Алматы маңындағы өндірістік аймақтан өрт шықты

Алматы маңындағы өндірістік аймақтан өрт шықты

Көрнекі сурет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы облысында «Первомайская» индустриалды аймағында қойма өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

ТЖД мәліметінше, өрт Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылының өндірістік аумағынан шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, қойманы қызыл жалын шарпыған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жоғары деңгейде шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел қызметі жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен өрт аумағы туралы ақпарат анықтыланып жатыр.

Exit mobile version