Басты бетЖаңалықтарАстанада ер адам министрліктер үйіне өрт қойды

Астанада ер адам министрліктер үйіне өрт қойды

Астанада 24 жастағы жігіт министрліктер үйіне өрт қойды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға бүгін таңертең болған. Министрліктер үйінің кіреберістерінің бірінде автоматты өрт дабылы аяқ асты іске қосылған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен.

Белгісіз ер адам ғимаратқа кіріп, жанғыш қоспаны турникетке лақтырған. Салдарынан шамамен екі шаршы метр аумақта өрт шықты. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сөндіргіштің көмегімен толығымен жойылды, — делінген хабарламада.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Ал өрт қойған жігіт 24 жаста. Күдіктіні полиция дереу қолға түсірген.

Министрліктер үйінің кіреберісін өртеп жіберген 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталатын болады, — дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.