Қазақстанда биыл қаңтар–мамыр айларында 301,6 млн литр минералды және газдалған су өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға аз.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлап отыр.
Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 12,1%-ға өскен. Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында басқа алкогольсіз сусындар өндірісі 9,2%-ға өсіп, 1,1 млрд литрден асты.
Отандық зауыттар биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде минералды су мен алкогольсіз сусындарға сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды қоса алғанда экспортты) 90,3%-ға қамтамасыз етті. Өндіріс бір жылда 7,3%-ға, 1,1 млрд литрге дейін өсті, ал импорт 12,9%-ға, 116,8 млн литрге дейін азайды.
Минералды су мен алкогольсіз сусындар экспорты мен реэкспорты 135,6 млн литр болды, бұл 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 2,1%-ға артық. Ішкі нарықтағы сатылым көлемі 5,3%-ға өсіп, 1,1 млрд литрге жетті.
Биыл маусым айының қорытындысы бойынша минералды және ауыз су 1,8%-ке, ал салқындатқыш сусындар бір айда 1%-ке қымбаттады.