Басты бетЖаңалықтарПеризат Қайратты тергеу изоляторы қызметкерлері ұрғаны рас па?

Перизат Қайратты тергеу изоляторы қызметкерлері ұрғаны рас па?

Астана полиция департаменті Перизат Қайраттың тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым деген мәлімдемесіне қатысты түсінік берді.

9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде есік арасына қысылып, дене жарақатын алғанын мәлімдеген. Арыз бойынша жиналған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камерасындағы жазба зерделеніп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынды.

Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіргені расталмады. Бұған Перизат Қайраттың өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр, — дейді полициядан.