Басты бет Жаңалықтар Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты алдын ала сот отырысы басталды

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты алдын ала сот отырысы басталды

Фото: ratel.kz
Астанада Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр. Айыпталушылар БАҚ өкілдерінің сот отырысына қатысуына қарсы екенін мәлімдеп, фото және видео түсіруге рұқсат бермеді.

Тергеу мәліметінше, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен қақтығыстан зардап шеккен палестиналықтарға көмек ретінде жиналған 3,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Бұл іске Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да тартылған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша айып тағылған.

Exit mobile version