Басты бет Жаңалықтар Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Фото: instagram.com/01pk
Үш миллиардтан астам қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайды.

Олар ел азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталады, — дейді бас прокуратура.

Еске салайық, 14 қарашада қаржылық мониторинг агенттігі Biz Birgemiz қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ұсталғанын мәлімдеді.

Exit mobile version