Полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп, заңсыз қоқыс тастау орындары мен қалдықтарды төгу фактілерін анықтап жатыр.
Сонымен қатар тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып келеді.
Акция басталғалы бері 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылды.
Есіңізде болсын: таза табиғат — баршамыз үшін қауіпсіз әрі жайлы өмірдің кепілі! Экологияны қорғайық! Құқықбұзушылықтар туралы 102 нөміріне немесе iKomek — 109 қызметі арқылы хабарлаңыз. Қазақстанды бірге таза және көрікті етейік!, – делінген хабарламада.