Ұялы телефонды өшіріп қойыңыз.
Ұялы телефонды тым болмаса аптасына бір мәрте өшіріп тұру керектігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сарапшылардың айтуынша, бұл телефоныңыздың аккумуляторының жұмыс істеу мерзімін ұзартады. Мұнымен қатар, телефоныңызды оятқыш ретінде қолдануға кеңес бермейміз. Жәй ғана оятқышы бар сағат сатып алсаңыз, телефоныңыз Сізге рахмет айтатын болады.
Қолайсыз ауа райында телефоныңызды далада қолданбаңыз
Ұялы телефоныңызды қолайсыз ауа райында қолдану оның аккумуляторының жұмысын нашарлатады. Мұндай ауа райында ұялы телефоныңызды тек қатты қажет кезінде ғана қолданғаныңыз жөн.
Телефонды түні бойы қуат көзіне қоймаңыз
Сарапшылардың айтуынша, телефонды 100% дейін қуат көзіне қою аккумуляторы үшін зиянды. Сол себепті, телефонды түні бойына қуат көзіне қоймауға кеңес береміз.
Қуаттандырғыш құралдың түпнұсқасын қолданғаныңыз жөн
Өкінішке орай, қуаттандырғыштың бұндай түрі көп қолданысқа ие. Әсіресе, IPhone маркалы ұялы телефондарға арналғаны. Себебі, олардың қуаттандырғыш шнурлары өте әлсіз келеді де, құртылса жаңасын, әрі түпнұсқасын алу арзанға түспейді. Бірақ, бұған қарамастан, түпнұсқа қуаттандырғышты қолданғаныңыз абзал. Мұнымен қатар, Сіз түпнұсқа емес қуаттандырғыш құралды қолдану арқылы ұялы телефоныңыздың аккумуляторын біртіндеп құрта бересіз.
Осы тұста ұялы телефондардың тоқ көзінде тұрып, сол түпнұсқа емес қуаттандырғыштың кесірінен жарылып кеткені жайлы тіркелген оқиғалардың да бар екенін хабарлаймын. Сондықтан, түпнұсқа емес қуаттандырғыштарды қолданудың керегі жоқ.
Ұялы телефоныңызға әрдайым құпия сөз қойып қойыңыз.
Көше ұрлықтарының 40% телефон ұрлығы екенін ескерсек, оны әрдайым құпия сөзбен қорғап жүргеніміз жөн болар. Бетін аулақ қылсын, телефоныңызды ұрлаған жағдай орын алар болса, ұры телефоныңыздың құпия сөзін аштырғанында ішіндегі Сіз жайлы мәліметтер немесе Сіздің сақтап жүрген құпияларыңыз өшетін болады.