Басты бетЖаңалықтарСу қоймасына батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі 4 тәуліктен соң табылды

Су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі 4 тәуліктен соң табылды

Екібастұздағы су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды. Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған ер баланың мүрдесі оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден табылған.

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 2009 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды.

Баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні таңертеңгілік тапты. Бала Шандақсор жасанды көлінің тыйым салынған жерінде шомылып жүріп суға кеткен, — делінген хабарламада.