Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл ақпарат жариялады.
«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде Астана уақытымен 14:30-да жер сілкінісін тіркеді.
ТЖМ ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Жерасты дүмпулері мына елді мекендерде тіркелді:
- Құлан а. – 6 балл;
- Мерке а. – 5 балл;
- Шу қ. – 3 балл;
- Сарыкемер а. – 3 балл;
- Төле би а. – 3 балл;
- Тараз қ. – 3 балл;
- Аса а. – 2 балл;
- Мойынқұм а. – 2 балл;
- Қордай а. – 2 балл;
- Бауыржан Момышұлы а. – 2 балл;
- Қаратау қ. – 2 балл;
- Тұрар Рысқұлов а. – 2 балл;
Зардап шеккендер мен қирандыла туралы мәлімет түспеген.